- 22/07/2026
- admin
- Comment: 0
- Жаңалықтар
Жаз — бұл демалыс, отпуск және көлдерде, өзендерде әрі бассейндерде шомылу уақыты. Дегенмен, жыл сайын шомылу маусымында суда бақытсыз жағдайлар орын алып жатады. Олардың көпшілігінің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы алдын алуға болады.
Кауіпсіз шомылудың негізгі ережелері
- Тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана шомылыңыз.
- Суға алкогольдік мас күйде кірмеңіз.
- Таныс емес жерлерде суға сүңгімеңіз — су түбінде тастар, суға батқан ағаштар немесе басқа да қауіпті заттар болуы мүмкін.
- Буйкалардан (қалтқылардан) әрі жүзбеңіз және өз күшіңізді шамадан тыс бағаламаңыз.
- Балалар жүзе алса да, оларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
- Күн күркірегенде, қатты жел немесе биік толқындар кезінде суға кірмеңіз.
- Күн көзінде ұзақ болғаннан кейін салқын суға бірден секірмеңіз — бұл тамырлардың түйілуіне (спазм) және естен тануға әкеп соғуы мүмкін.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз
Балалар су жанында тек ересектердің тұрақты бақылауында болуы тиіс. Үрлемелі шеңберлер, жеңқаптар мен жилеттер ата-ананың бақылауын алмастыра алмайды. Тіпті таяз жердің өзінде бала санаулы секундтарда қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін.
Егер оқиға куәгері болсаңыз
- Дереу 112 нөмірі бойынша шұғыл қызметтерді шақырыңыз.
- Егер жүзе алсаңыз және өз күшіңізге сенімді болсаңыз, өз өміріңізге қауіп төндірмей, зардап шегушіге көмек көрсетіңіз.
- Адамды судан шығарғаннан кейін, тыныс алуы мен тамыр соғуы болмаса, тез арада жүрек-өппе реанимациясын бастаңыз және медицина қызметкерлері келгенше жалғастырыңыз.
Денсаулығыңызды күтіңіз!
Судағы мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. Жазғы демалыс қауіпсіз, жағымды болып, тек жақсы естеліктер қалдырсын!
Алматы қаласының «№5 қалалық емханасы» тұрғындарды су бойында демалу кезінде мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және балаларға қамқорлық жасауға шақырады.

