Пациент келесі құқықтарға ие:
-
Диагностика, емдеу және күтім көрсету барысында құрметпен қаралуға, мәдени және жеке құндылықтарына сыйластықпен қаралуға.
-
Медициналық көмек алуда тек медициналық көрсеткіштерге негізделген кезектілікпен, кемсітушіліксіз қызмет алуға.
-
Дәрігерді, медициналық ұйымды (соның ішінде шетелдік дәрігерді) таңдауға және ауыстыруға, сондай-ақ аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізілетіні туралы ақпарат алуға.
-
Отбасы мүшелерінің, туыстарының, достарының және діни ұйым өкілдерінің қолдауына.
-
Заманауи медициналық технологиялардың мүмкіндіктері аясында ауруды жеңілдетуге.
-
Өз денсаулығы жайлы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге.
-
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құқықтарға.
-
Өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны мен ұсынылу тәртібі туралы (көру және есту қабілеті бұзылған тұлғалар үшін қолжетімді түрде) ақпарат алуға.
-
Медициналық көмекті тек ауызша немесе жазбаша түрдегі ерікті хабардар келісімнен кейін алуға. Инвазиялық араласулар кезінде келісім арнайы нысан бойынша жазбаша түрде рәсімделеді.
-
Өз денсаулығы туралы толық ақпарат, емдеудің ықтимал қауіптері мен баламалы әдістері, емдеуден бас тартудың салдары, диагноз, болжам және емдеу жоспары туралы ақпарат алуға.
-
Өз денсаулығы туралы ақпаратты хабарлау қажет тұлғаны белгілеуге құқылы. Ақпарат алудан бас тарту жазбаша түрде рәсімделіп, медициналық құжаттамаға енгізіледі.
-
Медициналық ақпарат тек ол науқасқа зиян келтіруі мүмкін жағдайларда жасырылады. Мұндай жағдайда ақпарат жұбайына, жақын туыстарына немесе заңды өкіліне хабарланады.
-
Денсаулық сақтау саласындағы оқу ұйымдарының клиникалық базаларында ем алып жатқан науқастар оқу процесіне қатысудан және үшінші тұлғалардың ем-шараларға қатысуынан бас тарта алады.
-
Пациенттің құқықтарын қорғау тиісті органдармен, денсаулық сақтау ұйымдарымен және қоғамдық бірлестіктермен жүзеге асырылады.
-
Тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға.
-
Некеге тұратын азаматтар медициналық және медико-генетикалық тексеруден өтуге құқылы.
Пациенттің міндеттері:
-
Өз денсаулығын сақтауға ұмтылу.
-
Денсаулығын нығайту мен сақтау шараларын қабылдау.
-
Медициналық қызметкерлермен қарым-қатынаста сыпайылық пен құрмет көрсету.
-
Дәрігерге диагноз қою мен емдеу үшін қажет ақпаратты жеткізу, емдеуге келісім бергеннен кейін дәрігердің барлық нұсқауларын бұлжытпай орындау.
-
Диагностика мен емдеу кезінде денсаулық жағдайының өзгерісі, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіруі мүмкін аурулар немесе ондай ауруға күдік туындаған жағдайда медициналық қызметкерлерге уақытылы хабарлау.
-
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық тексерулерден өту.
-
Поликлиникада бекітілген ішкі тәртіп ережелерін сақтау, медициналық ұйым мүлкіне ұқыпты қарау, медициналық көмек алу барысында қызметкерлермен ынтымақтаса әрекет ету.
-
Жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты медициналық қызметкерлердің және денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының нұсқауларын орындау.
-
Өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғау шараларын сақтау, медициналық ұйымдардың талабы бойынша тексеруден және емнен өту, жұқпалы немесе қауіпті аурулар кезінде медициналық қызметкерлерді хабардар ету.
-
Жүктілік мерзімі он екі аптаға дейінгі жүкті әйелдер медициналық есепке тұруға міндетті.
-
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да осы ел азаматтарымен тең дәрежеде денсаулық сақтау саласындағы міндеттерді атқарады.
-
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жарналар төлеуге.
-
Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға.
-
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға.
-
Амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес барлық тағайындауларды орындауға.
Дереккөз: Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі