Тіркеу бөлімі:

Call-центр:

Басты бет / Медицина қызметкерлері заңмен қорғалады: Алматы қаласының №5 қалалық емханасында жаңа заң нормалары түсіндірілді

Медицина қызметкерлері заңмен қорғалады: Алматы қаласының №5 қалалық емханасында жаңа заң нормалары түсіндірілді

Алматы қаласы №5 Қалалық емханасы ЖШҚ МКК қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық нормалардың күшіне енгені туралы мәселе қаралды.


Іс-шара барысында емхана директорының орынбасарлары, заңгер және Алмалы ауданы ПБ УП УИП қызметкері полиция майоры Алиаскаров Фархат медицина қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы кеңінен ақпарат беріп, дәріс өткізді.


2026 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат медициналық көмек көрсететін тұлғаларға қатысты агрессия мен физикалық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» саясатын іске асырудағы маңызды қадам болды.


Заңның негізгі ережелері: Жаңа нормаларға сәйкес, медицина қызметкеріне, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты қауіп төндіргені және (немесе) зорлық-зомбылық көрсеткені үшін келесі қылмыстық жауаптылық қарастырылған:


  • 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінен басталатын айыппұл;
  • Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

№5 емхана әкімшілігі қызметкерлердің қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтеді. Осы бағытта мекемеде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.