ШЖҚ КМК «№5 қалалық емханасы» Алмалы және Жетісу аудандарының ересектер мен балалар тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде келесі бағыттар бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді:
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК):
- білікті медициналық көмек;
- дәрігерге дейінгі медициналық көмек.
Мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:
- кәсіптік патология;
- аллергология және иммунология;
- ревматология;
- оториноларингология;
- жалпы хирургия;
- травматология және ортопедия;
- офтальмология;
- эндокринология;
- инфекциялық аурулар;
- педиатрия;
- кардиология;
- неврология;
- урология;
- дерматовенерология (дерматокосметология);
- стоматология;
- онкология;
- терапия;
- акушерлік және гинекология;
- гастроэнтерология;
- психиатрия, психотерапия және наркология;
- фтизиатрия;
- пульмонология.
Диагностикалық қызметтер:
- функционалдық диагностика;
- ультрадыбыстық диагностика;
- эндоскопиялық диагностика;
- рентгенологиялық диагностика.
Зертханалық диагностика:
- жалпы клиникалық зерттеулер;
- серологиялық зерттеулер;
- иммунологиялық зерттеулер;
- бактериологиялық зерттеулер;
- биохимиялық зерттеулер.
Медициналық оңалту және қалпына келтіріп емдеу:
- емдік дене шынықтыру;
- медициналық массаж;
- физиотерапия;
- кешенді оңалту шаралары.
Ересектер мен балалар тұрғындарына профильдер бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек:
- оториноларингология;
- эндокринология;
- урология;
- офтальмология;
- гастроэнтерология;
- педиатрия;
- акушерлік және гинекология;
- неврология;
- терапия.
Сараптамалық қызмет:
- уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде медициналық сараптама жүргізу.
Емхана тұрғындарды қолжетімді, сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз етеді, аурулардың алдын алуды, диагностиканы, емдеуді, медициналық оңалтуды, диспансерлік бақылауды, профилактикалық тексерулерді, вакцинацияны, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылауды, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

