«№5 Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 1978 жылы ұйымдастырылған.
Емхана Мақатаев көшесі, 141 мекенжайында орналасқан.
Емхананың мамандары Алмалы және Жетісу аудандарының тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді.
2024 жылы сәтті аккредиттелді – 1-санат.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген халық саны – 49 451 адам.
Емхананың жоспарлы қуаттылығы – бір ауысымда 500 келуші, нақты – 500 келуші.