Тіркеу бөлімі:

Call-центр:

Басты бет / Бас дәрігердің өтініші

Бас дәрігердің өтініші

Алматы қаласының №5 қалалық емханасының ұжымы атынан біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Сіздің денсаулығыңыз — алғашқы медициналық-санитариялық көмектің және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдығы. Біздің жұмысымыз пациент пен оның отбасына бағытталған.

Білікті мамандардан құралған командамыз ересектерге де, балаларға да нағыз қамқорлықпен, ықылас пен ізгілікпен медициналық көмек көрсетуге дайын. Егер денсаулығыңызда қандай да бір мәселелер туындаса — кейінге қалдырмаңыз, дәрігерге жүгініңіз.

Біз өз біліміміз бен тәжірибемізді пайдалана отырып, Сіздің денсаулығыңызды қалпына келтіруге және сақтауға бар күшімізді саламыз. Сондай-ақ, Сіздерді өз денсаулығыңызға ұқыпты қарауға, уақтылы профилактикалық және диспансерлік тексерулерден өтіп тұруға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.

Біздің ресми сайтымызда емхананың құрылымы мен қызметі, медициналық қызметтер, медициналық персонал, нормативтік-құқықтық актілер және бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала аласыздар.

Біз медициналық қызметтердің сапасы мен жалпы денсаулық сақтау жүйесі бойынша кез келген мәселені Сіздермен бірге талқылауға әрдайым дайынбыз. Кері байланыс бізге пікір алмасуға және емхана қызметін жақсартуға ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

Бірлесе отырып, біз қызмет көрсету сапасын, қолжетімді медициналық көмектің деңгейін арттырып, қоғамымызды дені сау әрі бақытты ете аламыз.

Facebook пен Instagram-дағы ресми парақшаларымызда Сіздерді көргенімізге әрдайым қуаныштымыз.

Құрметпен,
Омарова Камка Сейдкерімқызы
ШЖҚ «№5 Қалалық емхана» КМК директоры