Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алмалы ауданына қарасты емханалар арасында “Инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық жағдайы. Иммунопрофилактика” тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық жағдайы талқыланып, иммунопрофилактика шаралары ұсынылды.
Семинар барысында қазіргі эпидемиологиялық ахуалды көрсететін статистикалық мәліметтер ұсынылып, эпидемиологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды. Қатысушылар инфекциялық аурулардың алдын алу және бақылау әдістеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенді пікір алмасты.
Сонымен қатар, семинар аясында жүргізілген сауалнамалар емханалардағы қазіргі жағдайды анықтап, қосымша назар аударуды қажет ететін негізгі мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді.
Бұл семинар инфекциялардың таралуын болдырмау және иммунопрофилактика шараларын күшейту бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.