Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде 19.03.2024ж. №5 қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.

Фтизиатр дәрігері Сәуле Базарбекқызы және «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығының қызметкерлері қатысты. Басты мақсат – туберкулездің алғашқы белгілері туралы, дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы, ауруды емдеу мен оның алдын алу шараларының тиімділігі туралы пациенттерге ақпарат ұсыну.