2024 жылдың наурыз айының 13 күні, №112 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Жас Дәурен» жастар денсаулық орталығы жасөспірімдер арасында туберкулез жайлы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу аясында дәріс өткізілді.

Дәрісті орталық жетекшісі, дәрігер-инфекционист Солтанай Жәнібек жүргізді. Оқушыларға орталық жайлы және туберкулездің профилактикасы жайлы брошюралар таратылды.

Дәріс барысында дәрігер туберкулездің шығу тарихы, эпидемиологиясы, негізгі белгілері және ерте диагностикалау әдістері жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар, дәрігер оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап қайтарды. №112 жалпы білім беретін мектеп басшылығы емхана ұжымына, танымдық дәріс үшін алғыстарын білдірді.