Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№5 қалалық емханада» КМК 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

№5 қалалық емхана директоры Омарова Қамқа Сейдкерімқызы барлық қызметкерлерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Салтанатты кеште емханамыздың қызметкерлері алғыс хатпен марапатталып, талай жыл денсаулық сақтау саласында еңбек етіп бүгінгі күнде зейнеткерлікке шыққан қызметкерлер мен денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген әріптестерімізге марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кеш барысында ән айтылып, күй тартылып, қызықты ойындар өткізілді. 🌷Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!