2024 жылдың 29 қаңтар күні №24 лицей оқушыларына «Жас Дәурен» жастар денсаулық орталығы жасөспірімдер арасында туберкулез жайлы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу аясында дәріс өткізілді.

Дәрісті орталық жетекшісі, дәрігер-инфекционист Солтанай Жәнібек жүргізді. Оқушыларға орталық жайлы және туберкулездің профилактикасы жайлы брошюралар таратылды.

Дәріс барысында дәрігер туберкулездің шығу тарихы, эпидемиологиясы, негізгі белгілері және ерте диагностикалау әдістері жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар, дәрігер оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап қайтарды.

 Лицей басшылығы емхана ұжымына, танымдық дәріс үшін алғыстарын білдірді.