Біз сіздерді біздің сайтта қарсы алуға қуаныштымыз!

Омарова Қамқа Сейдкерімқызы

Омарова Қамқа Сейдкерімқызы, 2009 жылы "Жалпы медицина" мамандығы бойынша С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін бітірген. 2012 жылы кардиология бойынша резидентураны ойдағыдай аяқтады. Еңбек жолын жалпы практика дәрігер, кейін Алматы қаласындағы ревматология орталығында ревматолог дәрігері болып бастады. 2013 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап ревматология орталығының бас дәрігерінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы ревматологтар сарапшылық кеңесінің мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін және де Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін  клиникалық кафедраларында ассистент болып еңбек жолын біріктірді.

Омарова Қамқа Сейдкерімқызы – денсаулық сақтау магистрі. 18 ғылыми мақалалары мен жобалары жариялаған ғылыми саланың белсенді қатысушысы. Үнемі халықаралық конференцияларға спикер ретінде қатысады. Заманауи аурухананы басқару "Сапа менеджменті" тақырыбы бойынша Израильдегі соңғы біліктіліктілігін арттырды.

Омарова Қамқа Сейіткерімқызы аталмыш санаттағы науқастарды диагностикалау мен емдеуді жетілдіру мақсатында аутоиммунды аурулары бар жүкті әйелдердің тізілімін жасауға белсене қатысты. Қамқа Сейідкерімқызы 2021-2023 жылдар аралығында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас ревматологы қызметін атқарды. Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Аманат партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2022 жылы Ұлттық бизнес-рейтингтер одағы «Денсаулық сақтау саласындағы 2022 жылдың маманы» деп таныды.

Омарова Қамқа Сейідкерімқызы Алматы қаласының медициналық қоғамдастығында жоғары кәсіби жетістіктерін көрсетіп, практикалық медицинаның дамуына үлес қосып лайықты беделге ие.