31 қаңтар күні Алматы флористика және технология колледжінің студенттеріне «Жас Дәурен» жастар денсаулық орталығы ұлдардың арасында «Ерлер денсаулығы», «Зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу» тақырыбында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу аясында дәріс өткізілді. 

Дәрісті уролог-андролог Алиев Нурдаулет Досмухамедович жүргізді.

 Дәріс барысында дәрігер ерлердің репродуктивті жүйеге кері әсерін тигізетін аурулардың алдын алуы жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар, дәрігер студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап қайтарды.   Колледж басшылығы емхана қызметкерлеріне, танымдық дәріс үшін алғыстарын білдірді.