23 мамыр күні №5 қалалық емхана дәрігерлеріне, мейіргерлеріне арналған «Балалардағы диареяны емдеу» тақырыбында семинар өткізілді.

Спикер:

•Мырзабекова Гүлшара Тұребекқызы – Медицина ғылымдарының докторы, доцент.

Балалардың ас қорыту жүйелері өте сезімтал, сондықтан тіпті шамал болсада режим бұзылған жағдайда балада диарея тудыруы мүмкін. Диарея ұзаққа созылған жағдайда ағзада сусыздану қаупі бар. Сондықтан, диареяның себебін анықтау және диагностикалау маңызды болып табылады.   Ең бастысы – балалардағы диареяның себептерін анықтау. Диареяны емдейтін дәрі-дәрімектерді сақтықпен пайдаланған жөн. Дұрыс диагноз қойып, емдеудің жолын ұсынатын тек қана дәрігер.