2024 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады.

Бұл соғыс ардагерлерінің мерекесі, сондай-ақ сол соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алу және қайғыру күні. Ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтарының бірі болды және болып қала береді.

  2024 жылдың қаңтар айының 25 күні сағат: 9.00-ден, 13.00-ге дейін “Ауғанстан соғысының ардагерлеріне” арналған  Ашық есік күні өткізілді.  Емханаға Ауған соғысына қатысушылар шақырылды, барлық пациенттерге қан қысымы, көз қысымы, бойы, салмағы өлшенді. Қандағы глюкоза мен холестеринді анықтауға жалпы анализге, биохимияға талдау жасалды. ЭКГ зерттеуі, іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі,  флюорография жүргізілді. Пациенттерге жалпы практика дәрігері, көз дәрігері, невропатолог, хирург, кардиолог, психолог кеңес берді. Пациенттерге салауатты өмір салтын ұстану бойынша  ұсыныстар берілді.