2024 жылдың 29 мамырында №5 қалалық емханасында «Аутоиммунологиядағы диагностикалық сын-қатерлер мен мүмкіншіліктер» атты қалалық семинар өткізілді.

Семинардың негізгі спикерлері:

•         Кабулбаев К.А. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нефрология кафедрасының профессоры;

•         Джумабаева А.Е. – ҚДС магистрі, «Ішкі аурулар және кардиология ғылыми зерттеу институты» ішкі аурулар кафедрасының ассистенті;

•         Хайдарова Ю.М. – І санатты ревматолог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы.

Семинарда 70-тен аса тыңдаушы болды, атап өткенде Алматы қаласы медициналық ұйымдарының ревматолог, гастроэнтеролог, нефролог, дерматолог дәрігерлері, кафедра қызметкерлері және аталған мамандықтардың резиденттері қатысты.

Семинар модераторы №5 емхана директоры Омарова Қ.С. іс-шараның аутоиммунды ауруларды ерте және уақытылы анықтаудағы маңыздылығы туралы атап өтті. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Имангалиева Л.Т. №5 қалалық емханада жаңадан орнатылған заманауи иммуноблоттың қалалық денсаулық сақтау саласына қосатын үлесі жайлы баяндады.

Профессор Кабулбаев К.А. – нефрологиядағы иммунологиялық зерттеулердің маңыздылығына тоқталса, ассистент Джумабаева А.Е. – шынайы тәжірбиедегі бауырдың аутоиммунды ауруларының диагностикасы туралы сөз қозғады. Ревматолог Хайдарова Ю.М. – ревматологиялық аурулардың ерте диагностикасы кезіндегі иммунологиялық зерттеулерді қолдану келешегі тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара соңында ұтыс ойыны ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.