2024 жылдың 24-26 қаңтар аралығында  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен №5 қалалық емханасында  патронаждық көмек көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін дамыту мақсатында амбулаториялық – емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың бірінші басшыларына тренингтің екінші күні өткізілді.

Тренингті Республика бойынша ПККӘПМ/БАБЖ координаторы м.ғ.к., доцент Ким Наталья Георгиевна және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары жүргізді.

  Тренингтің басты мақсаты – ерте жастағы балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын ата-аналар мен жақын ортаның әл-ауқатымен тығыз байланыста қорғау және нығайту. Патронаждық қызметінің әмбебап прогрессивті моделін балалардың денсаулығы, дамуы мен әл-ауқаты көрсеткіштерін жақсартудың тиімді жүйесі ретінде енгізу.