2024 жылдың 12 ақпан күні Алматы сән және дизайн колледжінің студенттеріне «Жас Дәурен» жастар денсаулық орталығы «Энергетикалық сусындар» тақырыбында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу аясында дәріс өткізілді

Дәрісті орталық жетекшісі Солтанай Жәнібек жүргізді.

Дәріс барысында дәрігер энергетикалық сусындарды қалыптан тыс қолданудың адам ағзасына кері әсері және құрамындағы заттар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, дәрігер студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап қайтарды.

Колледж басшылығы емхана қызметкерлеріне, танымдық дәріс үшін алғыстарын білдірді.