2024 жылдың 12 ақпанында «Алматы қаласы № 5 қалалық емханасында» Дүниежүзілік онкологиялық аурумен күрес күніне арналған «Қатерлі ісіксіз өмір» атты Ашық есік күні өтті.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері пациенттермен онкологиялық аурулардың алдын алу, сүт безінің, тоқ ішектің, жатыр мойнының профилактикалық тексеруінен (скринингтен) өту, қатерсіз және қатерлі ісіктерді ерте анықтау туралы әңгімелесіп, буклеттер таратылды. Қаралуға және кеңес алуға ниет білдірген пациенттерге  кеңестік қабылдауды маммолог дәрігері, онколог дәрігері жүргізді.

 Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің скринингтік кабинетінде мейіргерлер скринингтік тексеруден өтудің, дене салмағының индексін анықтаудың және мінез-құлық қауіп факторлары бойынша ұсыныстар алудың маңыздылығы туралы әңгімелесті.

 Емхананың барлық қабаттарына брошюралар мен буклеттер қойылды.

Емхананың жарық мониторларында онкологиялық аурулардың алдын алу туралы бейнероликтер көрсетілді. Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар туралы ақпарат емхана сайтында және мессенджерлерінде (Instagram, Facebook парақшаларында) орналастырылған.