№5 қалалық емхана қызметкерлері ҰОС-ның тыл ардагерлерін «9 мамыр-Ұлы Жеңіс күнімен» құттықтады. Қарияларға азық-түлік себеттері мен мекеме директорының алғыс хаты тапсырылды.

ҰОС тыл ардагерлерінің денсаулығы әрқашан да №5 емхананың ерекше назарында, қажетті мамандар үй жағдайында да медициналық көмек көрсетумен айналысады. Қазіргі таңда емханада 37 ҰОС-ның тыл ардагерлері тіркеліп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуда.