№24 лицей оқушыларына «Жас Дәурен» жастар денсаулық орталығы жасөспірім қыздардың арасында «Ерте жүктілікті алдын алу»тақырыбында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу аясында дәріс өткізілді. Дәрісті акушер-гинеколог Елемесова Шара Сейловна жүргізді.

Дәріс барысында дәрігер жүктілікті болдырмау, ерте жаста жыныстық қатынасқа түсудің салдары мен жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алуы жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар, дәрігер оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап қайтарды.