Бүгінгі таңда туберкулезбен күресу және оның таралуын бақылау бүкіл әлемде денсаулық сақтаудың басты мәселесі болып қала береді. Ересектердегі туберкулездің алдын алу скрининг және ауруды ерте кезеңде анықтау болып табылады. МСАК деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру, туберкулезді дер кезінде анықтауға маңызды рөл атқарады. 26.01.2024 жылы «№5 қалалық емханада»туберкулезге қарсы шараларды жетілдіру мақсатында қызметкерлермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Туберкулезбен сырқаттанушылықты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты қарастыру керек. Бұл аурудың динамикасына әлеуметтік және экономикалық жағдайларға әсер ететіндігімен түсіндіріледі. Туберкулездің алдын алу және емдеу мәселелері Қазақстан Республикасының ұлттық басымдылықтарының қатарына жатады.