Медицина қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде маусым айының үшінші жексембісінде аталып өтеді.
Осыған орай, мереке қарсаңында 14 маусым 2024 жылы Алматы қаласы №5 қалалық емханада салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.
Емхана директоры Омарова Қамқа Сейдкерімқызы медицина қызметкерлер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Салтанатты кеште емханамыздың қызметкерлері алғыс хатпен марапатталып, талай жыл денсаулық сақтау саласында еңбек етіп бүгінгі күнде зейнеткерлікке шыққан қызметкерлер мен денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген әріптестерімізге марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кеш барысында ән айтылып, күй тартылып, қызықты ойындар өткізілді. Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!