Емхананың күндізгі стационары 20 терапиялық төсекке есептелген. 2011 жылы күндізгі стационарда күрделі жөндеу жүргізіліп, палаталар жаңа жиһаздармен жабдықталған. Күндізгі стационарда соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген адамдарға арналған палата бар.
Күндізгі стационардың төсек қоры тәулік бойғы стационарлардың төсек тапшылығын белгілі бір дәрежеде өтейді. Науқастарды іріктеуді бөлімше меңгерушілерінің бақылауымен алғашқы қабылдауды жүргізетін дәрігерлер жүзеге асырады.