Бүгін 4 маусым ШЖҚ «№5 қалалық емханада» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке.

Емхана директоры Омарова Қамқа Сейідкерімқызы  Рәміздеріміз – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды нышандар. Оларды құрметтеу арқылы біз еліміздің жарқын болашағына деген сенімімізді, ұлттық бірлігімізді нығайтамыз – деп құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік іс-шара барысында Мемлекеттік әнұран шырқалып, Мемлекеттік рәміздер туралы баяндама оқылды.