Бүгін 31 мамыр күні №5 қалалық емханада @qazmed_jastary бірлесіп, «1 маусым-балаларды қорғау  күніне» арналған «Балдаурен балалық шақ» атты іс-шара өткізілді.

Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.

Мереке күні емхана қызметкерлері барлық кішкентай емделушілер мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтап, түрлі сыйлықтар табыс етті. Ата – аналар емхана ұжымына балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлағаны үшін өз ризашылықтарын білдірді. Іс-шарамызға қолдау көрсеткен демеушілерімізге: Sandoz, Synergy Global, ABDIIBRAHIM және ТОО Фармация Универсал Herbion алғысымызды білдіреміз.