Сағат: 10.00-де қала бойынша дабыл қағылып, емханамыздың барлық қызметкерлері мен пациенттері қауіпсіз аймаққа шығарылды. Сейсмо-жаттығуды өткізудің мақсаты адам көп келетін объект ретінде медициналық мекемелердің жер сілкінісі кезінде, экстремалдық жағдай туындаған кезде қызметкерлерге қажетті дағдыларды ұластыру, азаматтық қорғаудың іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру. Дайындық барысында объектінің аумағында қызметкерлерді эвакуациялау және авариялық құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау бойынша тәжірибе өткізілді.