Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №5 қалалық емханасында 11-12 мамыр күндері «Аналар күніне» арналған ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты ана мен бала денсаулығына аса мән беру, маңызды ескерулерді білуге бағытталды.  Осындай ерекше күнге білікті мамандар мен болашақ аналар қатысты.