Алматы қаласы, Жетісу ауданы, 112 жалпы орта мектеп оқушыларына «Жас Дәурен» жастар денсаулық орталығы ұлдардың арасында «Ерлер денсаулығы», «Зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу» тақырыбында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу аясында дәріс өткізілді.

Дәрісті уролог-андролог Алиев Нурдаулет Досмухамедович жүргізді.

 Дәріс барысында дәрігер ерлердің репродуктивті жүйеге кері әсерін тигізетін аурулардың алдын алуы жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар, дәрігер оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап қайтарды.  112 жалпы орта мектеп басшылығы емхана қызметкерлеріне, танымдық дәріс үшін алғыстарын білдірді.