«Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің » студенттеріне «Жас Дәурен» жастар денсаулық, орталығының жалпы практика дәрігері Абдукадырова Шынар Галымжанқызы «Кене энцефалиті»  тақырыбында дәріс өткізді.

Кене энцефалиті– негізінен адам организмінің жүйке жасушаларын зақымдайтын жіті вирустық ауру. Ол ми құрылымдары, перифериялық иннервация немесе жұлынның тамырлы жүйке ұштарын зақымдауы мүмкін.

Кене энцефалиті және оның алдын алу:

Кене энцефалитінің нақты алдын-алу шарасы ретінде вакцинация қолданылады, бұл алдын алудың ең сенімді жолы. Эндемиялық аудандарда тұратын немесе сондай аудандарға жиі баратын адамдар міндетті түрде вакцина алуы қажет. Денеге кене жабысқан кезде шұғыл профилактика ретінде вакцинацияланбаған адамдарға жасына байланысты бұлшықет ішіне 1,5-тен 3 мл-ге дейін иммуноглобулин құйылады. 10 күннен кейін препарат 6 мл мөлшерінде қайта салынады.