Алматы сән және дизайн колледжінің студенттеріне «Жас Дәурен» жастар денсаулық орталығының жалпы практика дәрігері Абдуқадырова Шынар Ғалымжанқызы «Өзіңді туберкулезден сақта» айлығы аясында дәріс өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – осы дертті дер кезінде анықтау, алдын алу және емдеу.
Дәріс барысында оқушылар туберкулездің алдын алу бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Колледж басшылығы емхана қызметкерлеріне, танымдық дәріс үшін алғыстарын білдірді