«Өзіңді туберкулезден сақта!» айлығы аясында Алматы қаласы, Жетісу ауданы №3 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дәріс өткізілді. Дәрісті «Жас Дәурен» жастар денсаулық орталығының жалпы практика дәрігері Абдуқадырова Шынар Ғалымжанқызы жүргізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – осы дертті дер кезінде анықтау, алдын алу және емдеу. Дәріс барысында оқушылар туберкулездің алдын алу бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.